Жаңалықтар
Ираннан Қазақстанға 53 қандас көшіріліп әкелді
Қазақстан Ираннан 53 қандасты көшіріп әкелді. Олар мінген ұшақ Ақтау қаласына 15 қыркүйекте таңертең қонды. Бұл туралы Маңғыстау облысының баспасөз қызметі хабарлады.
![](https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2021/11/изображение_2021-11-21_134455-780x405.png)
«Иран ислам республикасының Горган қаласынан 53 адам Қазақстанға қоныс аударды. Олар Ақтау қаласында 2-3 күн аялдап, құжаттарын реттейді. Жатақханаға орналастырамыз. Құжаттарын реттеу жұмыстары аяқталғаннан соң Нұр-Сұлтан қаласына аттанады. Кейін көші-қон бағдарламасы арқылы Солтүстік Қазақстан өңіріне қоныстанады» деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов.
Қазақстанға барлығы 20 отбасы келген. 53 адамның 25-і – бала.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жыл басынан бері 12 501 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған. 1991 жылдан бері елге 1 млн. 82,8 мың этникалық қазақ оралған.