Жаңалықтар

Қаржы пирамидаларының тізіміне қосылған «Аманат drive» компаниясына алданып қалғандар шағымын айтты

 

“Аманат drive” компаниясы халыққа табыс көзін растаусыз, несие тарихы мен жас шектеуіне қарамай артық пайызсыз 5 жылдан 10 жылға дейін бөліп төлеуді ұсынады. 

Аталған компанияның жариялаған мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта 2000-нан аса отбасы өзінің баспанасы мен көлігін Amanat Drive ТК арқылы пайызсыз, табысты растаусыз әрі несие тарихы мен қара тізімді ескермей алған. 

Мониторинг агенттігі бұл ұйымды қаржылық пирамидалардың тізіміне қосқан. 

Аз уақыттың ішінде артық төлемсіз баспана алуды армандаған Күміскүл Қайырбек уәде етілген уақыттан ұзақ күткенін жеткізді. Атырау қаласының тұрғыны өзі тұратын қаладан үй алғысы келген. Компанияға кіру жарнасы мен үйдің бастапқы жарнасын салған ол баспаналы боламын деген арманын жоғалтып алғанына шағымданады.

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close