Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурде ғой әлі. Бүгін Юсоф Исхак институтында лекция оқығанын білесіздер. Сонда Қазақстанның бейтарап ұстанымын сынайтындарға жауап берді.

«Кейде біздің ұстанымымызға күмәнмен қарайды, бейтараптығымыз үшін сынайды. Бірақ мұны өз көзқарасы, сенімі жоқ деп қабылдамаған жөн. Керісінше, оны қақтығыс пен мәжбүрліктің орнына саналы түрде дипломатия мен диалогты таңдау деп түсінген абзал. Бұл таңдау – территориялық даулардан бастап идеологиялық қақтығыстарға дейінгі түрлі қайшылықтарды еңсеруге септігімізді тигізуге мүмкіндік беретін біздің мықты қырымыз», – деді Президент.

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close