Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының бірқатар басшылары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімдерімен Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының бірнеше бөлімінің жаңа басшылары тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының бірқатар бөлім басшылары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram-арнасы хабарлады, дейді Qandastar.kz.

Александр Суханов Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Талдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған лауазымынан босатылды.

Расул Оразғұлов Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Ол да бұрынғы лауазымынан босатылды.

Марат Аймашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.

Сонымен қатар Ерлан Байтұқбаев Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button