Жаңалықтар

Қазақстан бал жеткізуші үздік 100 елдің қатарына енді Асал

 

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша, өткен жылы еліміз жалпы сомасы 406,2 мың долларға (182,8 млн теңге) 222,7 тонна бал экспорттады.

Қазақстаннан бал экспорты

Қазақстандық табиғи балды ірі көлемде сатып алушы елдер қатарында Өзбекстан, Қытай, Сауд Арабиясы және Германия бар.

2023 жылы Өзбекстан Қазақстаннан жалпы сомасы 112,2 мың долларға (50,5 млн теңге) 111 тонна, Қытай – 176,6 мың долларға (79,5 млн теңге) 45,7 тонна, Сауд Арабиясы – 44,4 мың долларға (20 млн теңгеге жуық) 22,2 тонна, Германия – 23,8 мың долларға 21 тонна бал сатып алған (10,7 млн теңге).

Сонымен қатар, былтыр табиғи бал экспорты көрсеткішіне сүйенсек, Қазақстан басқа елдерге жалпы сомасы 153,1 мың долларға (68,9 млн теңге) 58,3 тонна бал жеткізген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3,5 есе жоғары.

Айта кетейік, 2022 жыл жалпы алғанда бал экспортының төмендеуімен ерекшеленеді. 2017-2021 жылдар аралығында балды шет мемлекеттерге шығарудың тұрақты өсуі байқалды. Егер 2017 жылы Қазақстан жалпы сомасы 220,8 мың долларға (99,3 млн теңге) 87,3 мың тонна бал экспорттаса, 2021 жылы аталған көрсеткіш 328,5 мың долларға жетіп, (147,8 млн теңге) 235 тоннаны құрады.

Әлемдегі ең ірі бал жеткізуші елдер

Resource Trade агенттігінің мәліметінше, Қазақстан әлемдегі ең ірі ТОП-100 бал жеткізуші ел қатарына енді. 2020 жылы осы өнімнің экспорты жалпы сомасы 520 мың долларға жеткен, (234 млн теңгеге жуық) 195,5 тоннаны құрады. Бұл бал экспортындағы табыс деңгейі бойынша әлемдегі 73 көрсеткіш.

Ірі көлемде бал жеткізуші елдер қатарында Жаңа Зеландия (жалпы сомасы 333,3 млн долларға 16,5 мың тонна), Қытай (127 мың тонна, 229,6 млн доллар) және Аргентина (72,9 мың тонна, 179,6 млн доллар) болды. ЕАЭО елдеріне келетін болсақ, 2020 жылы Ресей жалпы сомасы 4,7 млн долларға 2,3 мың тонна бал, Қырғызстан 2 млн долларға 451,5 тонна, Беларусь 460 мың долларға 104,7 тонна, Армения 140 мың долларға 20,8 тонна бал жеткізді. Бұл сәйкесінше әлемдегі 40, 51, 75 және 87 көрсеткіш.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close