Жаңалықтар

Қазақстан бірқатар елге бидай жеткізу бойынша келіссөздерді жалғастырып жатыр

 

Өзбекстан, ҚХР, Әзербайжан, Иран және басқа да елдерге Қазақстаннан сапасы төмен бидайды жеткізу бойынша келіссөздер жалғасып жатыр.

«Қазақстан бидайын дәстүрлі түрде импорттаушылар қатарына Орталық Азия елдері (Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан) және Ауғанстан кіріп отыр. Бұл ретте, 2022/2023 маркетингтік жылы соңғы он жылдағы астық эквивалентіндегі бидай мен ұнның рекордтық көлемі экспортталды — 10 млн тонна. Оның ішінде Орталық Азия елдеріне — 5,8 млн тонна (Өзбекстан — 4,3 млн тонна, Тәжікстан — 1,1 млн тонна, Түрікменстан — 0,4 млн тонна), Ауғанстанға — 2,6 млн тонна, ҚХР-ға — 369,4 мың тонна, Әзербайжанға — 277,1 мың тонна, Иранға — 1717,7 мың тонна және басқа елдерге — 642 мың тонна экспортталды», — делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Былтыр жауын-шашынның аздығына байланысты шаруалар үшін өте күрделі болды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 17 млн тонна астық жиналды (2022 жылы — 22 млн тонна), оның ішінде 12,1 млн тонна бидай бастырылды. 2022 жылы 16,4 млн тонна бидай жиналған еді. Бұл ретте, 2023 жылғы егіннің едәуір бөлігі кластық емес бидайға жатады.

«Бұл факторлар осы жылдың экспорттық әлеуетіне әсер етпей қоймайды. Бұл ретте, 2024 жылғы 24 ақпандағы жағдай бойынша маркетингтік маусымның басынан (2023/24 ж.) астық эквивалентіндегі бидай мен ұн экспортының көлемі өткен жылдың деңгейінде қалып отыр, экспорт көлемі шамамен 6 млн тоннаны құрады. Оның ішінде Орта Азия елдеріне — 3,6 млн тонна (Өзбекстан — 2,4 млн тонна, Тәжікстан — 0,8 млн тонна, Түрікменстан — 0,3 млн тонна), Ауғанстанға — 1,2 млн тонна, ҚХР-ға — 481,1 мың тонна, Иранға — 34,9 мың тонна», — деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Министрлік мәліметіне қарағанда, қазіргі кезде «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Өзбекстан, ҚХР, Әзербайжан, Иран және басқа да елдердің сатып алушыларымен сыныптан тыс бидайды сату бойынша келіссөздерді жалғастырып жатыр.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close