Жаңалықтар

«Қазақстан Темір жолы» Әлия Назарбаеваға тиесілі билет сататын компаниямен келісімді бұзды

Қазақстан Темір жолы” экс-президенттің кіші қызы Әлия Назарбаеваға тиесілі билет сататын компаниямен келісімді бұзды. ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжановтың айтуынша, 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бері билет сатумен “Мобильный портал” ЖШС айналысып жатыр.

“1 желтоқсаннан бері [Әлия Назарбаеваның] компаниясымен келісім бұзылды, қазір “Мобильный портал” ЖШС жұмыс істеп жатыр. Компания байқау арқылы таңдалды. Олар электронды билет сату қызметін көрсетеді” деді Ахметжанов. Оның сөзінен “Власть” үзінді келтіреді.

Ахметжановтың сөзінше, ҚТЖ жаңа компанияға әрбір сатылған билет үшін 29 теңге төлейді.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close