Жаңалықтар

Қазақстанда 100-ге жуық мектеп қашықтан оқуға көшеді

 

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы мектептер онлайн форматқа көшеді. Бұл жөнінде оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қашықтықтан оқыту су тасқыны қаупі сақталған аумақтардағы 56 мектепте, сондай-ақ эвакуациялық пункттер ретінде айқындалған 32 мектепте ұйымдастырылуда.

Балалар қашықтықтан оқу үшін қажетті оқу құралдарымен, киім-кешекпен және техникалық құралдармен қамтамасыз етілді. Эвакуацияланған 1-4 сынып оқушыларын тамақтанумен қамту мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде”, — деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі – баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызы.

Сондай-ақ, тәуекелдерді азайту және төтенше жағдайда білім беру процесін жалғастыруды қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облысындағы колледждер қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close