Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет Леонардо да Винчидің La Bella Principessa туындысы ұсынылады

Леонардо да Винчидің ең жұмбақ және құнды жауһарларының бірі La Bella Principessa Қазақстан жұртшылығына ұсынылады. Сурет Сфорциада Варшавалық кодексінен алынған және Милан герцогы Людовико иль Мороның қызы әрі генерал-капитан Галеаццо Сансевериноның жұбайы Бьянка Джованна Сфорцаның қырынан көрінісі деп танылған. La Bella Principessa – шебердің пергаменттегі жалғыз туындысы болып табылады. 

Бұл бірегей мүмкіндік Астанадағы Италия елшілігінің, ForteBank, Mastercard, Scripta Maneant және Италия мәдениет институтының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асты. Көрме Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 7 маусым мен 4 тамыз аралығында өтеді.

La Bella Principessa — Леонардо да Винчидің XV ғасырдың аяғында салған туындысы, онда итальяндық ақсүйектер отбасынан шыққан жас қыздың портреті бейнеленген.

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close