Мәдениет
Қазақстанда фонограммаға толық тыйым салынады

Фото: parlam.kz
Қазақстанда фонограммаға толық тыйым салынады, деп жазды qandastar.kz
«Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының отырысы өтті.
Жұмыс тобында біздің, яки депутаттардың “Қазақстанда фонограммаға толықтай тыйым салу” турала нормасы бір ауыздан қолдау тапты! Халық жанды дауысты шын өнерді көруге, тыңдауға құқылы! Ағайынды алдауға болмайды!», — деді депутат Нартай Сәрсенғалиұлы.