Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Қазақстанда көлік әкелу ережелері өзгереді

Фото: pixabay.com

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда шыққанына үш жыл болмаған көліктерді әкелуге жаңа ереже енгізіледі. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, енді 3 жыл толмаған автокөліктерді КТБ құжатында (Көлік түрін бекіту) ресми тізімі бар адамдар ғана әкеле алады. Бұл құжат көлік құралының техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайды.

Бұрын декларацияланған кез келген тұлға КТБ арқылы автокөліктерді импорттай алатын. Алайда, қазір импорт құқығы осы құжатта тікелей көрсетілгендерге ғана сақталады. КТБ тек заңды тұлғаға беріледі.

Бұл өзгерістер Кедендік одақтың техникалық регламентіне сәйкес белгіленді және Қазақстанға автокөліктерді әкелуді оңтайландыруға бағытталған.

Алматыдағы табиғатты қорғау бекеттерінде жыл басынан бері 25 мың экологиялық нормаларды бұзу фактілері тіркелген.  Автокөліктерге қатысты салынған айыппұл сомасы 437,4 млн теңгені құраған.

Еске салсақ, осыған дейін 2026 жылдан бастап қазақстандықтар ақылы түрде кез келген көлік нөмірін таңдай алатынын жазғанбыз.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close