Жаңалықтар

Қазақстандық сейсмологтар Алматыда бір айда 8 мыңнан астам жер сілкінісін тіркеді

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсембаевтың айтуынша, бүгінгі жер сілкінісі кезекті дүмпу болды. «Бүгін сағат 10:15-те жер сілкінісі тіркелді. Бірден айта кетейін, бұл жер сілкінісінің дүмпуі. 23 қаңтардан бастап, бүгінге дейін біздің сейсмикалық станциялар 8 мыңнан астам жер сілкінісі дүмпуін тіркеді. Оның 100-ден астамы магнитудасы 5 және одан да көп. Ал оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарға осының 20-сы ғана сезілді. Дүрбелеңге негіз жоқ», — деді Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсембаев. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жер сілкінісінен кейін аумақтардың зақымдануы, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмысы бақылауға алынды. Мониторинг нәтижесі бойынша жағдай тұрақты, барлығы қалыпты жұмыс істеп жатқаны атап өтілді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close