Жаңалықтар

Қазақстандықтар болашақта Өзбекстанға паспортсыз-ақ бара алуы мүмкін

Қос ағайын елдің ынтымақтастығы биыл жаңа деңгейге көтеріледі.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараны кесіп өту уақыты 30 минутқа дейін қысқарады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев хабарлады.

Еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту және көрші елдермен өзара тауар айналымның көлемін еселеп арттыру мақсатында Үкімет Өзбекстанмен, Түрікменстанмен және Қытаймен арадағы шекарада өткізу бекеттерін кең ауқымды жаңғыртуды бастады. Оның аясында ескі инфрақұрылым күресінге жіберіліп, орнына мүлдем жаңа өткізу пунктері тұрғызылады. Себебі, қолданыстағы инфрақұрылым көнерді және қазіргі заман талаптарына сәйкес келмейді», – деді ол. Негізі, Қазақстан мен Өзбекстан бұдан да жақын, тығыз кіріге алар еді. Мысалы, Ресейден Беларуське сапарласаңыз, тіпті шетелдік паспорт талап етілмейді. Қос халық жеке басты куәландыратын ішкі құжатпен барыс-келіс жасай береді. Қазақтар мен өзбектер де өзара сенімнің осы биік деңгейіне жеткені жөн. Бірақ көбіне, Қазақстан билігі тарапынан тартыншақтау байқалады. Егер шекараны ашып тастасақ, өзбекстандық еңбек мигранттары қаптайды деп санайды. Бұл орынсыз. Келгісі келгендер онсыз да кіріп жатыр. Өзбек еңбеккерлерінің көбі бүгінде алыс шетелді таңдай бастады, АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа елдеріне ден қойды. Оңтүстік Кореяның Сыртқы еңбек миграциясы агенттігі биыл 100 мың Өзбекстан азаматын шақырып отыр. Қазақстан оларға қызықсыз: жалақы тым төмен, баспана арендасы қымбат», – деді Е.Оразбаев.

Сарапшы еңбек миграциясына бола, ағайын екі елдің ынтымақтастығын енді шектей бермеген жөн деп санайды.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close