Жаңалықтар

Қазақстандықтар Instagram желісі арқылы алаяқтардың алдауына қалай түсіп қалғанын айтты

 

Желіде саудамен айналысып, тауар сататын онлайн дүкендер өте көп. Алайда олардың арасында адал жұмыс істеп, көпшіліктің сұранысына ие болғандар да, “тауарды жібереміз” деп ақшаны алған соң байланысқа шықпай, сан соқтырып кететіндер де бар. Stan.kz тілшісі алаяқтарды әшкерелеп, оларға алданғандардың жанайқайын жеткізді. Сондай-ақ интернет алаяқтардан сақтанудың жолдарын айтты. 

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Айзат Ержанова интернет алаяқтардың алдауына түскендердің бірі. Ол Instagram-дағы kidsclo_kz парақшасына жазып, балалар киіміне тапсырыс берген. Алайда алаяқтар оның ақшасын алып, сан соқтырған.

Көпбалалы ана балаларының жәрдемақысын кішкентайларының киіміне жұмсамақ болған.

Сөйтіп Instagram-нан арзан бағадағы балалар киіміне тапсырыс беріп, бірден төлем жасайды. Дүкендегілер тауарды киімдерге тапсырыс берген күннің ертеңінде пошта арқылы салып жібереміз деп уәде еткен. Алайда олар сол күннен кейін мүлде байланысқа шықпаған.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close