Жаңалықтар

Қазақстанның барлық қаласында дерлік тұрғын үй бағасы төмендеді

Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда жылжымайтын мүліктің құны үздіксіз өсуде – үш жыл ішінде қайталама тұрғын үй нарығында шаршы метрлер орташа есеппен 40 пайызға қымбаттады. Дәл қазір Қазақстан баға жөнінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы (ТМД) кейбір елдерден де озып кетті. Алайда сәуір айында елде күтпеген жағдай болды – көптеген қалаларда пәтер бағасы төмендеді. «Крыша» порталының сарапшылары 18 қаланың 11-де бағаның төмендегенін атап өтті. Баға ең көп төмендеген қала – Алматы. Мұнда бір айда баға 2,1 пайызға түсті. Дегенмен мегаполистегі пәтерлердің орташа құны бұрынғысынша республика бойынша ең жоғары – шаршы метрі 717 216 теңге. Басқа қалаларда ай сайынғы төмендеу айтарлықтай байқалмайды: Қарағандыда (-1 пайыз), Талдықорған мен Ақтөбеде (-0,7 пайыздан), Павлодар мен Қызылордада (-0,6 пайыздан), Орал, Өскемен және Таразда (-0,4 пайыздан), сондай-ақ Шымкент пен Көкшетауда (-0,1 пайыздан).

Ақтауда бір айда баға айтарлықтай өсті – 4,2 пайызға, орташа есеппен шаршы метрі үшін 350 884 теңгеге дейін. Бір қызығы, бұл қала да жыл сайынғы көрсеткіш бойынша алдыңғы қатарда тұр. Салыстыру үшін: Алматыда баға бір жылда небәрі 0,7 пайызға өссе, Астанада 0,6 пайызға, ал Шымкентте жалпы алғанда 3 пайызға төмендеген.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close