Жаңалықтар
Қазақстанның қай өңірінде етті көп тұтынады

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, азық-түлікті сатып алуға жұмсалған шығындардың ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (17,4%) екен.
Бұл ретте, аталған өнімдерді Жамбыл облысының тұрғындары көп тұтынатын болып шықты ( тоқсан бойынша жан басына шаққанда 25,8 келі).
Ал, нан және жарма өнімдерін ең көп тұтынатындар Түркістан облысында тұрады (44,1 келі).