
ТЖМ мәліметінше, бүгін Астана уақытымен сағат 21:13-те жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Эпицентр Ауғанстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым жерде орналасқан.
Жер дүмпуі Түркістан және Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласында тіркелді.
Үш өңірде де жер сілкінісі 2 балл деңгейінде сезілді.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.