Жаңалықтар

ҚХА ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН 200-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА КӨМЕКТЕСТІ

Ақмола облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккен 200-ге жуық отбасыға көмектесті. Қазір Көшетаудағы Достық үйінде қабылдау пункті ашылған. Этнобірлестік, қоғамдық ұйым өкілдері, кәсіпкерлер мен волонтерлер азық-түлік, киім-кешек, шаруашылық тауарларын осы  жерге тапсырып жатыр. Жиналған жылу осы аптада су астында қалған аудандарға жеткізіледі. Ермек Нұғыманов, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы: — Бұрыннан да қазақ халқы өзі осындай асар деген бар ғой бізде. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деп, ел болып жұмыла көтеретін дүние ғой. Бұл апат, оның ішінде су мен от айтып келмейтін тілсіз жау ғой. Сондықтан бірлікте атсалысу дұрыс деп ойлаймын.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close