Жаңалықтар
Көпбалалы отбасылардың назарына: баспанаға құжат қабылдау басталды
Жалдамалы пәтерге үміткерлер тиісті құжаттарын 1 желтоқсан мен 6 желтоқсан аралығында өткізе алады
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй қоры «көпбалалы отбасы» санаты бойынша баспана кезегінде тұрған азаматтардан сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерге құжат қабылдай бастады, деп хабарлайды zhilfond.kz.
Бұл бағдарламаға «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар қатыса алады.
Барлығы 251 пәтер, оның 184-і үш бөлмелі (65-85 шаршы метр), 67-сі екі бөлмелі (60-70 шаршы метр).
Нұр-Сұлтан әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ құжаттарды 1 желтоқсан мен 6 желтоқсан аралығында Қошқарбаев даңғылындағы 39 үйде қабылдайды.
Тағы оқыңыз: Министр табысы 92 мың теңгеден аспайтындар үшін жағымды жаңалық болатынын айтты
Құжаттарды 1-2 желтоқсанда сағат 10.00-дан 16.00-ге дейін, 3-6 желтоқсанда сағат 8.30-дан 17.00-ге дейін өткізуге болады. Үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Құжаттардың толық тізімімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.
Дереккөз: https://sputniknews.kz