Жаңалықтар

КОРЕЯЛЫҚТАР ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

Оңтүстік Кореяда парламенттік сайлау өтті. Осы сайлауды бақылауға біздің елден Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бастаған делегация барды. Сайлау қортындысы бірер сағатта жарияланады.

Нұрлан Әбдіров алдымен оңтүстіккореялық әріптесімен кездесті. Тараптар екі елдің сайлау комиссиялары арасындағы ынтымақтастықты тереңдету туралы келісімге келді. Сондай-ақ сайлау процесінде жасанды интеллектіні пайдалануға арналған форумға қатысты. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы елде жүргізіліп жатқан реформалар жайлы айтты.

Нұрлан Әбдіров, ҚР ОСК төрағасы: – Жасанды интеллектін пайдаланудың тиімді жағы бар, ұтымды жағы бар сонымен қатар бұның қауіптері де көп және ол қандай қауіптер екені нақты бүгін осы жерде айтылды. Халықаралық байқаушыларға Сайлау туралы заңның негізгі ережелері ойын түрінде таныстырылды.

Өткен жұмада түрлі себептермен дауыс беруге қатыса алмаған адамдар алдын ала таңдау жасады. Ол жалпы электораттың 30 пайызына тең. Қонақтарға мерзімінен бұрын дауыс беру жүйесі көрсетілді. Нұрлан Әбдіров, ҚР ОСК төрағасы: – Сайлаушыларға ыңғайлы уақытта дауыс беретіндей мүмкіндік жасап отыр. Бүгін, мысалы, сенбі күні мемлекеттің шешімімен арнайы демалыс күні жарияланған екен, сондықтан бүгін ешкім жұмыс істемейді осы сайлауға келеді. Оңтүстік Кореядағы парламенттік сайлауда 2 басты бәсекелес бар.

Олар қазіргі билік партиясы «Халық билігі» және оппозициялық «Бірге» демократиялық партиясы. Ұлттық жиналыста барлығы 300 орын бар. Оның 142-сі оппозицияға, 113-і билік партиясына тиесілі. Қарсыластар парламенттегі орындарын көбейтуді көздеп отыр. Пак На Чжон, сайлаушы: – Менің ойымша, президент Юн Сок Ёл әкімшілігінің оппозицияға қарағанда әлсіз болуы дұрыс емес. Оны барлық азамат таңдады. Меніңше, оның үкіметі табысқа жетуі керек. Сол үшін билік партиясына дауыс бердім. Ким Джи Юн, сайлаушы: – Менің ойымша, қазіргі биліктің алған бағыты дұрыс емес. Саясатта мықты адамдар болуы керек. Өзгеріс үшін таңдау жасадым. Сайлау учаскелерінде суретке, видеоға түсіруге болмайды.

Бюллетеньді таспаға басқандар 3 мың доллар көлемінде айыппұл төлейді немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін. Халықаралық бақылаушылар да сайлау учаскелерінде күзетшілердің жоқтығына және дауыс беру кезінде ғимараттағы бақылау камераларының өшіп тұрғанына таң қалды. Бұл сайлаушы таңдауын құпия сақтау үшін жасалып отыр.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close