Жаңалықтар

Қостанай облысының тағы 14 ауданына қауіп төнді

 

Облыс құтқарушылары өңірде су тасқыны жағдайы ушығып бара жатқанын ескертті. ТЖД қызметкерлері жергілікті тұрғындарға үндеу жасады.

Қардың белсенді еруі мен жауын-шашынға байланысты 14 аудан қауіпті аймаққа енгізілді.

Мәселен, Қарасу, Әулиекөл, Наурызым, Қамысты, Сарыкөл, Алтынсарин, Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарын су басуы мүмкін. Бұған қоса, Ресей Федерациясының аумағынан ірі өзендер арқылы су ағыны артуы мүмкін.

Жітіқара, Денисов, Қостанай, Қарабалық, Федоров аудандары мен Бейімбет Майлин ауданы да су ағынының қауіпті аймағында орналасқан.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close