Жаңалықтар

Қытай хирургтары Римде отырып, Бейжіңде ота жасады

 

 Қытай Ғылым академиясының академигі Чжан Сюй бастаған медициналық топ Римде жүргенде Бейжің халық-азаттық армиясының госпиталінде науқасқа сәтті ота жасады ,-деп хабарлайды Qandastar.kz

 Чжан Сю 8 мың шақырымнан асатын қашықтықта простата безіндегі ісіктерді алып тастап, роботтық кешенге жетекшілік етті. Академиктің айтуынша, операция кезінде ең бастысы – сенімді байланыс. 

Тәжірибелі хирург жаңа технологиялардың арқасында қашықтықтан ота жасау одан әрі дами беретінін атап өтті. Ол бірқатар жағдайларда, әсіресе ұрыс қимылдары кезінде сұранысқа ие. Қытай келесі кезеңде әскери далалық терапия саласындағы зерттеулерді кеңейтуді көздеп отыр. 

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close