Жаңалықтар

Қытайлық хакерлер Қазақстанның IT-инфрақұрылымын 2 жыл бойы бақылап келген

 

Кибершабуылдарды сараптау және тергеу орталығы мамандарының мәліметінше, шабуыл жасаушылар жеке тұлғалардың хабарламаларын, қоңыраулары мен қимыл-әрекеттерін үнемі бақылауда ұстаған. 

«Деректерді талдау нәтижесінде ұрланған ақпарат көлемі терабайтпен өлшенгені белгілі болды. Хакерлер Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Малайзия, Непал, Түркия, Үндістан, Египет, Франция, Камбоджа, Руанда, Нигерия, Гонконг, Индонезия, Вьетнам, Мьянма, Филиппин және Ауғанстанның инфрақұрылым нысандарын бақылауда ұстаған», – делінген хабарламада.

Хакерлер оператордың журналдарын, қоңыраулардың ұзақтығын, құрылғының IMEI кодтарын және қоңырау шоттарын бақылаған. Тәртіп сақшыларына да шабуыл жасаған. Сонымен қатар IDNET пен IDTV пайдаланушыларының және БЖЗҚ мен «Air Astana» әуе тасымалдаушысының деректерін жариялаған.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close