Бизнес жаңалықтарЖаңалықтар

ҚЫТАЙЛЫҚТАР ОНЛАЙН САУДА НАРЫҒЫНДА БІРІНШІ ОРЫНДА ТҰР

 

2027 жылға қарай әлем бойынша электронды сауда көлемі 9,3 триллион долларға артады. Бұл – британиялық сараптамалық консалтингтік GlobalData компаниясының дерегі. Интернет дүкендердің адамға тигізер пайдасы зор. Бірақ қоршаған ортаға келтірер зиянды тұстары да жетерлік. Дүниежүзілік экономикалық форумның дерегі бойынша жыл сайын электронды сауда кезінде 165 миллиард қаптама қоқысқа тасталады екен. Иә, онлайн саудасы қызған заманның қызығын сатушы да, тұтынушы да көріп отыр. Айшылық алыс жерлерден жылдам тауар алдыру үшін қазір айлап, апталап емес, әрі кетсе 3 күн күтерсіз. Адам үшін тапсырыстың қашан жететіні маңызды. Бірақ ол қалай келеді? Онлайн сауданың пайдасынан зияны көп Тұтынушы үшін тапсырысының бүлінбей, сынбай келгені маңызды. Сондықтан саудагер компаниялар тауар қаптамасына үлкен мән береді. Сөйтіп, қағаз, полиэтилен қапшықтармен қаптап тастайды. Мәселен, жыл сайын әлемде 241 миллион тонна қорап өндіріледі. Ол үшін Canopy ормандарды қорғау ұйымының дерегіне сүйенсек, 3 миллиард ағаш кесіледі. Мәселен, 2020 жылы Қытайда 80 миллиард тауарды жеткізу үшін, 10 миллион тонна қорап қаптама қолданған. Виола Вольгемут, эко-белсенді: — Әсіресе жомарт жұма кезінде интернет-дүкендерде жеңілдіктер көп болады. Кей тұтынушылар жылдам жеткізуді таңдайды да, затының қандай транспортпен жететініне бас ауырпайды. Мәселен, бір түйір зат, үлкен жүк көлігінің ішінде болар-болмас орын алып келуі мүмкін. Ол көлік ары-бері жүрген сайын ауаға улы зат бөледі. Базарға баратын халық қарасы азайды. Есесіне жүк таситын көлік саны артты. Ұшақ, пойыз, жүк көліктері және автомобильдер – қоймадан тұтынушыға жететін транспорт тізбегі осындай. Әлемдік стартап жоба Earth 5R дерегі бойынша 2020 жылы интернет арқылы қабылданған тапсырыстарды жіберу кезінде, көліктерден ауаға тараған көмірқышқыл газының көлемі 37%-ке жеткен. Сарапшылар: «2030 жылға қарай жеткізуші көлік саны 7 миллионға жетеді», — дейді. Жүк көліктері ауаны ластайды Әлемдегі ең ірі онлайн сауда алаңы – ол америкалық Амазон сайты. Күніне 4 миллион тауар жеткізіліп, гаджеттер, киім-кешектер, тұрмыстық заттардың миллиондаған моделі ұсынылады. Осы арқылы АҚШ жаһандық нарықты жаулағысы келеді. Ал оған еуропалықтар бейжай қарасын ба?! Мәселен, Францияның кей орталықтарында компанияның қоймалары салынған. Одан шығып, қала ішінде ары-бері зулаған жүк көліктерінің жүрісі жергілікті халықтың титығына тиген еді. Жиль Реневье, эко-белсенді: — Бір ғана компания экологияға мол шығын келтіріп отыр. Бұл жалғаса берсе, жағдай одан бетер ушығады. Мәселені заң жүзінде шешу керек деп ойлаймын. «Қытайда жасалған» тауарларды әлемде қазір әрбір 3-ші тұрғын тұтынады. Нағыз саудагер қытайлықтар онлайн сауда нарығында бірінші орында. Жаһандық электронды коммерция нарығының 52,1%-і осы қытайлықтардың үлесінде. Одан кейін АҚШ-тың интернет сатылым көлемі 20%-ті көрсетсе, рейтингтегі үшінші орын 3,4% көрсеткішімен Ұлыбританияға тиесілі. Онлайн-сауданың бір тиімсіз тұсы, тауарды өлшеп, пішіп көрмегесін оны қайтаруға тура келеді. Яғни, оны орайтын қаптаманың шығыны еке есе артады деген сөз. Одан қалды, сатушы мен тұтынушы арасында сандалып жүретін транспорттың шығыны бар. Сондықтан тапсырыс берген кезде қара бастың қамын емес, қоршағын ортаның жағдайын да ойлаған жөн. Тапсырыс берген кезде оның өлшеміне, сапасына мұқият болу керек. Сонда тапсырыс өзіңізде қалады да артық шығын болмайды.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close