Жаңалықтар

Мәдениет саласы қызметкерлерінің айлығы өскен

Қазақстанның халық әртісі – құрметті атақ. Мұндай мәртебенің берілуі 1999 жылы тоқтатылған еді. Араға ширек ғасырға жуық уақыт салып, былтыр ол қайта тағайындала бастады. Содан бері 8 мәдениет қайраткеріне «Халық әртісі» атағы берілді. Расында, бұл саладағы мамандардың еңбегі ерен. Елімізде 8 мыңға жуық мәдениет, өнер және мұрағат ошағы бар. Онда 64 мың адам жұмыс істейді.

Соңғы үш жылда республика бойынша 700-ден астам мәдениет ошағы жөнделіп, 168 жаңа нысан салынған. Ал саладағы мамандардың жалақысы 45 пайыз өскен.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close