Жаңалықтар

«Магнум» және «Семейный» сауда желілерін бопсалағандар сотталды

istockphoto.com

2025 жылдың 6 мамырында Петропавл қалалық сотының блогерлерге қатысты үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды  qandastar.kz      turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Петропавл қаласының екі тұрғыны «Magnum» және «Семейный» сауда желілерінен «рейд» деп аталатын бейнетүсірілімдерді және әлеуметтік желілерде жариялауды тоқтату үшін ақша бопсалады деп айыпталды.

Олар ұялы телефондарға сауда желілерінің дүкендеріне барғандарын жазып алып, жария етілген жағдайда меншік иелерінің мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін ақпарат жинаған. Кейіннен жарияланымдар «Instagram» әлеуметтік желісінде және «Youtube» арнасында жүргізілген.

Айыптау үкiмi алқабилер алқасының қатысуымен шығарылып, екi адамға нақты мерзімі 7 жылға бас бостандығынан айыру түрiнде жаза тағайындалды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close