Жаңалықтар
Марат Ахметжанов Ақмола облысында су тасқыны қаупі бар аймақты айтты
«Екі апта бұрын Жібек жолы ауылында көшпелі отырыс өткіздік.
Өйткені оны ең бір қауіпті аймақ деп есептейміз. Кездесуге Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек және Төтенше жағдайлар, Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері қатысты. Қала әкімі су тапшылығы бар жердің қоймаларына су көп жиналса деп жоспарлайды, ал біз үшін бұл қауіпті. Өйткені тасқын болатын болса, ауылдарды су басуы мүмкін.
Сондықтан осыны жан-жақты қарап, ғылыми зерттеу мәселелерін, бұрынғы төтенше жағдайларды қарастырып жатырмыз. Мысалы, 2017 жылы су тасқыны болып, Жібек жолындағы елдімекендерді су басқан.
Қазір су басқан жерлердегі шағын аудандарда жеке үйлер салынған», – деді Марат Ахметжанов.