Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагиммен кездесті
Ануар Ибрагим құрмет көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, бұл сапарға зор мән беріп отырғанын атап өтті. Астанаға өзімен бірге үлкен құрамда келген Малайзия делегациясы соның айқын дәлелі болады.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейту жолдарын қарастырды. Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.