Жаңалықтар

Мемлекеттік тіл бола тұра орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі деу қисынсыз — дінтанушы Асылтай Тасболат

Елдегі әрбір этносты ұлт деуге келмейді. Бұл — сепаратизм. Бұл пікірді дінтанушы Асылтай Тасболат Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

“Қасым- Жомарт Тоқаев кеше Ассамблеяның кезекті сессиясында этносаралық татулық, келісім туралы айтты. Мемлекеттік тілді білуді азаматтық жауапкершілік деп көрсетті. Осылайша ұлт ұғымы азаматтық мазмұн иеленді. 20 миллион Қазақстан азаматының барлығын қазақ деудің алғышарты жасалды. Бұған дейін ұлтаралық қатынас деп қолдану бар болатын. Бұл — қате. Елдегі әрбір этносты ұлт деуге келмейді. Сепаратизм бұл. Совет кезеңіндегі ұлт республикалары дегенді қате көшіріп, елдегі әр этносқа қатысты қолданып жіберуден басталған ағаттық па деймін. Ал, мемлекеттік тіл бола тұра орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі деу — тіпті қисынсыз. Тоқаев мұны мемлекеттік тілді білу азаматтық жауапкершілік деп көрсетті. Ұлт деген шынымен де әлеуметтік конструкт және саяси термин. Nation building — ұлт қалыптастыру дегенді білдіреді. Қазақстан республикасының халқы — қазақтар. Арғын, найман, адай, қоңырат, дулат текті қазаққа орыс, ұйғыр текті қазақтар қосылды. Кешегі Freedom finance-қа Chocolife пен Aviata-ны қосып алған Тимур Турлов та, осы постты жазып отырған Асылтай да ұлт ретінде біртұтас. Барлығымызға ортақ мемлекеттік тіл — қазақ тілі”,- деп жазды дінтанушы.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close