Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРЕ ТҮСУ КЕРЕК

Мемлекеттік жастар саясатын одан әрі жетілдіру керек. Бүгін Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасына өзгерістер енгізу бойынша талқылауда осындай ұсыныс айтылды. Сонымен қатар, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар мен өңірлерде қажетті инфрақұрылымды дамытудың маңызы да сөз болды.

Мәдениет және ақпарат вице-министрінің төрағалығымен өткен жиынға түрлі салалардың сарапшылары, институттар, ғылыми қауымдастықтардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Мамандардың айтуынша, жастарға арналған жағымды орта қалыптастыру және олардың дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасау керек.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close