Жаңалықтар

МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ АВТОМАТТАНДЫРЫЛДЫ

1 сәуірден бастап мұғалімдер жұмысқа жаңа жүйе бойынша қабылдана бастады,. Ұлттық білім беру деректер қорында арнайы модуль іске қосылды. Онда конкурстық рәсімдер ашық өтіп, жемқорлық әрекеттерге жол берілмейді. Автоматтандырылған жүйенің артықшылықтары қандай? Ертеңгі бәсекеге қабілетті мамандарға жол ашып, бағыт-бағдар беретін ұлағатты ұстаздар. Заманауи мектеп мұғалімдері үнемі уақыт талабымен үндесе отырып, сенімді нық қадам басуы қажет.

Сондықтан шәкірт тәрбиелеп, ел келешегін қалаймын деген педагогтің жұмысқа орналасуында кедергі болмаған жөн. Бұл бағытта нәтиже бар. Енді мұғалімдерді мектепке қабылдау жүйесі автоматтандырылды. Гүлжанат Абдраманова, Қ. Мұхамедханов атындағы №90 гимназияның директоры: — Өткен апталарда бізде осы педагогтерді жұмысқа қабылдау платформасы бойынша түсіндірме жасалды. Қалай болады, қалай қабылдайды деген. Біздің жұмысымызда қағаз жазу бар ғой, хаттама толтырамыз, әрбір педагогті тіркейміз қағаз жүзінде, соның барлығы электронды түрде сақталып тұратын болады, бір тиімділігі осы жағынан. Жұмысқа қабылдау ол жыл бойы процесте жүре береді, өйткені мектепте бос орын болған жағдайда міндетті түрде конкурс жарияланады. Жаңа модуль бұған дейін Шымкент және Шахтинск мектептерінде сынақтан өткізілді. Жүйені әрі қарай оңтайландыру жоспарланған. Қазірде 500 педагог жұмысқа жаңа тәртіппен қабылданып үлгерді.

Қазірдің өзінде 200-ден астам мектеп 2000-ға жуық бос орынға байқау жариялап отыр. Майра Маралбаева, ҚР Оқу-ағарту министрлігі цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы: — Сонымен қатар педагогтердің мәліметтерін жинақтау мақсатында «Педагог портфолиосы» модулі әзірленді. Бұл модульде педагогтердің барлық мәліметтері жинақталады. Ол педагогтің білімі, денсаулыққа қатысты мәліметтері, жұмыс тәжірибесі, құқықбұзушылықтар, аттестаттаудан өту, марапаттары және тәлімгерлік пен цифрлық құжаттар туралы электрондық ақпарат сақталады. Бұл модуль педагогтерді аттестаттаудан өткізу кезінде пайдаланылады. Яғни, педагогтер аттестаттаудан өткен кезде құжаттарды қағаз түрінде жинамайды.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close