Жаңалықтар

Мұнай тасымалынан $1,3 млрд табыс түсті

Еліміз соңғы 10 жыл ішінде Ресейдің 91 млн тоннаға жуық мұнайын Қытайға транзит арқылы тасымалдап, 1 млрд 327 млн доллар пайда тапты.

Қос мемлекет арасындағы бұл келісімнің мерзімін тағы 10 жылға ұзарту көзделіп отыр. Бірақ осы жолы түсер түпкі табыс көлемі 2 млрд долларға жуықтап қалуы мүмкін, дейді сенаторлар. Хаттаманы бекіту туралы заң бүгін Сенат отырысында бірауыздан мақұлданды. Серік Шайдаров, ҚР Парламенті сенатының депутаты: — Бұл жұмыс мемлекет басшысының 2023 жылғы 17 мамырдағы Қытайға сапары және «Әділетті Қазақстан» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындау аясында жүргізілуде.

2024 жылдан 2034 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы аумағы арқылы Қытайға Ресей мұнайының транзиті үшін 2 учаске бойынша күтілетін түсім 1 млрд 710 млн доллар. Сонымен қатар келісімді ұзарту арқылы Омбы-Павлодар мұнай құбырымен түсетін мұнаймен Павлодар мұнай-химиялық зауытын жүктеуді қамтамасыз етеді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close