Жаңалықтар

Оңтүстік Кореядағы ағайын Қазақстанға көмек қолын созды

Су тасқыны елден жырақта жүрген Қазақстан азаматтарын бейжай қалдырмады

Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге кеткен отандастарымыз табиғи апаттан зардап шеккен өңірге гуманитарлық көмек жөнелтті. Оны Алматыға әуе компанияларының бірі тегін әкеліп берді.

Мұндай қайырымдылық шарасынан Қытайдағы қандастарымыз да тыс қалған жоқ. Олар жіберген мың жарымға жуық резеңке етік пен 50-ге тарта қайық қазір жолда келеді. Бұл гуманитарлық көмекті жөнелтумен Respublica партиясы айналысып жатыр.

Бақытбек Хамит, Respublica партиясы орталық аппаратының басшысы: — Кейін қайықтар, мотопомпалар, генераторлар, кейбір жерлерде жанармай керек болды. Кейбір жерлерде басқа да қажеттіліктер болды киім-кешек болды.

Шымкентте бізде кілем өндіруші компания өздері әрбір фураға 100 кілемнен қосып отырды жоқ демедік. Себебі суға батқан үйлер кейін қайтадан салынады, қажеті болар деген ниетпен сондай заттарды, сол қажет деген заттарды апаруға тырысып жатырмыз

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close