Жаңалықтар

Орынборда су тасқыны шарықтау шегіне жетті

Көрші Ресейде де жағдай әлі күрделі. Бүгін Орынборда су тасқыны шарықтау шегіне жетті. Қала арқылы өтетін Жайық өзенінде су деңгейі көтеріліп жатыр.

Таңертең 10 метр 69 сантиметрге жетті. Түнде қалаға ұшақпен көпқабатты композитті материалдан жасалған ұзындығы үш метрлік су бөгеттері жеткізілді. Материалы берік әрі тез құрастырылады. Бұл бөгеттер су әлі жетпеген көпқабатты тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханаларды қорғап қалуы керек. Қорған облысында да жағдай күрделі. Түнде Тобыл өзенінің деңгейі 8 сантиметрге көтерілді. Су тасқыны Кузбасс өңіріне де жетті.

Кемеров облысында Мрассу өзені арнасынан асып, Усть-Кабырза аулының бір бөлігін су басты. Ал 5 сәуірде су бөгеті жарылған Ор қаласында Жайық өзенінде су деңгейі 42 сантиметрге төмендеді. Жалпы қазір Ресейдің 39 аймағында су тасып жатыр.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close