Жаңалықтар

ПАРИЖ АСПАНЫНДА ТАҒЫ ДА ҚАЗАҚ ӘНІ ҚАЛЫҚТАДЫ

Париждің кішкентай тұрғындары Қазақстанмен танысты. Француз астанасының орталығында бастауыш сынып оқушылары үшін көрме мен музыкалық қойылым көрсетілген. «Париж – барлық бояуда» жобасы 15 жылдан бері әлем елдерінің мәдениетін паш етіп келеді. Биыл Қазақстан мен Украина таңдап алынған.

Шарада екі елдің әртістері бірге өнер көрсетті. Сахнаға кәсіби әнші-бишілерден бөлек «Рауан» халық ансамблінің балалары да шықты. Домбырашылар квартеті бастаған өнерпаздар, қыз ұзату дәстүрін таныстырды. Эльвира Яманиди, «FRANCE UNESCO ESPLANADE» қауымдастығының арт-директоры: – Сахна төріне кәсіби өнерпаздармен қатар әуесқойлар да шықты.

Осындай үйлесімнің болуы маңызды. Бұл қойылымдардың балалар үшін қызықты қыла түседі. Гүлмира Тоқтасынқызы, «Рауан» ансамблінің жетекшісі: – Негізі көрерімендері сондай керемет. Өйткені олар мәдениетті түсіне біледі. Олар сіздің беріп жатқаныңыздың бәрін қабылдап, жоғары дәрежеде құрметтеп, соны қабылдайды. Сол жағынан бізге өте ұнайды. Француз халқы мәдениет жағынан үлкен дәрежеде. Балалар үшін дайындалып келдік.

Дүниежүзінде бәрі жақсы, бірақ ең кереметі – осы француз балалары, олар мәдениетті түсінеді, құрметтейді. Элиза, бастауыш мектеп аниматоры: – Балаларға бірдеңені арнайы түсіндірудің еш қажеті жоқ. Ең бастысы олардың жүрегіне жол таба білу қажет. Мұны сөзсіз де жасауға болады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close