Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Павлодарда 23 жастағы әйел жаңа туған баласын 800 мың теңгеге бағалаған (ВИДЕО)

Павлодарда полицейлер жаңа туған нәрестені сату әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысының тұрғыны жүктілігінің соңғы кезеңінде әлеуметтік желілер арқылы болашақ сәбиін сатып алатын адамдарды іздеген.

Тәртіп сақшылары оның бұл заңсыз әрекетін дер кезінде әшкерелеп, қылмыстық жоспарын толық құжаттаған.

Әйел босанғаннан кейін небәрі үш күндік нәрестені ақшаға бермек болған сәтінде қолға түсті.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда жаңа туған қыз бала дәрігерлердің бақылауында.

Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

 

Back to top button