Жаңалықтар

Павлодарда жасанды интеллект алименттен қашып жүрген азаматты тауып берді

 

«Қорғау» ақылды жүйесі тыйым салынған көліктерді анықтап, белгі береді. Жүйе орнатылған полиция көлігі көшені патрульдеу кезінде ВАЗ-21150 автомашинасын тізгіндеп жүрген заң бұзушыны анықтаған.

«Көлік құралының иесі 2 млн теңгеге жуық алимент қарызын төлемей келген. Ал көліктің жүруіне тыйым салынған. Сот шешімінен жалтарып жүрген азамат тоқтатылып, көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Ер адам борышын толық өтегенше сонда тұрады», — деп мәлімдеді өңірлік полиция департаментінен.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close