Жаңалықтар
РЕСЕЙДЕ СУ ТАСҚЫНЫ ТОЛАСТАМАЙ ТҰР
![](https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2024/04/IMG_5411-750x405.webp)
Ресейде су тасқынына қатысты ахуал әлі де күрделі. Қорған облысында Тобыл өзенінің деңгейі шамамен 6 метрге жеткен. Салдарынан 3 ауданда 800 үй мен аумақты су басты. 7 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Тасқынға тосқауыл қою үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері ұзындығы 2 шақырым болатын бөгет тұрғызып, жағалауды барынша нығайтып жатыр.
Орынбор облысында да тасқынға байланысты жергілікті халық жаппай эвакуацияланды.
Осы уақытқа дейін су басқан аймақтардан 16,5 мыңнан аса тұрғын көшірілген. Оның 5 мыңға жуығы бала. Ресми мәлімет бойынша бүкіл облыс бойынша 14 мың үйді су басқан.