ЖаңалықтарШоу бизнес

Сейфуллин Жолбарыс журналистке ренжіп қалды

Әнші-композитор Жолбарыс Сейфуллин сұхбат барысында ыңғайсыз жағдайға тап болды, деп хабарлайды qandastar.kz

Құрмаш Маханның орындауындағы «Жан сырым» әнінің авторы өзі екенін айтқан сәтте, оған: «Хит қой, керемет ән… Қалай сіздікі? Әлі де сенбей тұрмын…» деген тосын сұрақ қойылады.

Осы кезде Жолбарыс бірден қалжыңға бұрып: «Мынадай боймен дейсің ғой?» деп жылы жымиды.

Желі қолданушылары сұрақ қоюшының хайп қуған әрекетінен гөрі, Сейфуллиннің әзілді көтере білетін ашық мінезіне тәнті болып, жағымды пікірлерін қалдырды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button