Жаңалықтар

Сейсмолог жер сілкінісі 2026 жылы баяулайтынын айтты

Қырғызстан Республикасы сейсмология институтының директоры Қанат Абдрахмановтың айтуынша, сейсмикалық белсенділіктің күшейген тұсы мен баяулау сәті болады. 

“Біздің сейсмологиялық институттың зерттеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес қызық деректі анықтадық. Белгілі болғандай, сейсмикалық белсенділіктің күшейген тұсы мен баяулау сәті болады екен. Яғни жер сілкінісінің соңғы күшейген тұсы 2008 жылы басталған. Біздің территориямызда өте қатты жер сілкінісі болып, 75 адам қаза болған. Демек бұл жер сілкінісінің баяулау сәті 2026 жылы болады. Демек бізге әлі де болса 2 жыл шыдай тұру қажет, осыдан кейін тыныштық орнаған ұзақ кезең қайта орнайды”, – деді маман.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close