Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Шахтинскіде ер адам газ баллонын жарып жіберемін деп қорқытқан

Шахтинскіде мас күйдегі ер адам тұрғындарды әбігерге салды.

Ол пәтерінде газ баллонын жарып жіберетінін айтып, қорқытқан, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға 2 қыркүйекте Маркс көшесіндегі үйлердің бірінде болған.

Пәтердегі тыныштықтың бұзылғаны туралы хабар полицияға түскен.

Оқиға орнына барған полицейлер қауіпсіздік шараларын қолға алып, подъездегі 35 тұрғынды эвакуациялаған.

Полиция қызметкерлерінің түсіндіру жұмыстарынан кейін 33 жастағы ер адам пәтердің есігін ашқан. Оның мас күйде болғаны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Пәтерді тексеру кезінде газдың иісі анықталмаған.

Ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалып, ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button