Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанның 8 ауданында әлі де тасқын қатері бар — департамент

Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны кезеңі тұрақты бақылауда тұр. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдай департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бас маманы Дина Бексұлтанова айтты.

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша жағдай қалыпты әрі үнемі бақылауда. Облыста таулы аймақтардағы қар жамылғысының еруі басталды. Осыған байланысты өңірде су тасқынының екінші кезеңі келіп жетті. Қазіргі уақытта су тасқыны қаупі болуы мүмкін аудандар анықталды. Олар солтүстік-шығыс, шығыс аймақтарда орналасқан — Риддер, Алтай, Самар, Марқакөл, Глубокое, Қатонқарағай, Күршім, Шемонайха аудандары», — деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брнифингте.

Оның атап өтуінше, Шығыс Қазақстан облысында қар жамылғысы 44 пайыз аумақты алып жатыр. Жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органлар жағдайды жіті бақылауда ұстау үшін тұрақты түрде әуеден бақылау жүргізіп отыр.

«Біздегі бүкіл гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Су тасқыны кезеңі үнемі бақылауда», — деді Дина Бексұлтанова.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close