Жаңалықтар

СҚО-НЫҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНДЫ

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында төтенше жағдай жарияланды,

Еріген қар суы Доброжановка, Красная Поляна, Черниговка ауылдарына жайылып, 8 адам мен 40 бас мал қауіпсіз жерге көшірілді. Қатты ағыстың бағытын бұру үшін тасжолды бұзуға тура келді. Су деңгейі әзірге 30 сантиметрге көтерілді.

Оған Шағалалы қоймасының суы келіп қосылуы мүмкін. Бүгін таңертең гидронысаннан секундына 90 текше метр су жіберіле бастады. Осыған байланысты мамандар бөгеттерді нығайтып жатыр. Облыс бойынша апаттық-құтқару шараларына 150 бірлік техника жұмылдырылды. Мұрат Қанғожинов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары: — Қазір Уәлиханов ауданына қарасты Қаратал ауылына жол жоқ. Онда қайықпен 3 құтқарушы кезекшілік етіп жатыр. Бірақ су басу қаупі байқалмайды. Сондықтан сол жақта жүрген түркістандық мамандар Шал ақын ауданына аттанды.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close