Жаңалықтар

сотта Бишімбаевтың адвокаттарының бірін істен шеттету мәселесі де қозғалды

 

Жауап алу кезінде судья Айжан Көлбаева мен адвокат Ерлан Ғазымжанов сөзге келіп қалды. Сотқа наразылық білдірген Ғазымжанов судьяның әрекетіне шағымданатынын жеткізді. Дегенмен судья сотты сыйламағаны үшін оны істен шеттету мәселесін талқылайтынын айтты. 

«Мен сіздің әрекетіңізге тағы шағым түсіруге мәжбүрмін. Сіз қорғаушы тарапты жай назарға ілмейсіз. Сотталушыға айтарын айтуға мүмкіндік бермейсіз. Бізге сұрақ қойғызбайсыз. Біз жай ғана бір жақты процесс секілді сезініп отырмыз. Сотымыз сот емес, айып тағуға айналып жатыр. Барлығы тек бір Бишімбаевқа қарсы”, – деді Ғазымжанов.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close