Жаңалықтар

Сотта Бишімбаев пен Нүкенованың алмасқан хаттары оқылды

 

Салтанат: «Жарайды, екеуімізге бірге болу жазбапты. Қош бол, кек сақтамаймын, бірақ енді сені жақсы көрмеймін. Жүрегімнің жартысын жұлып, өшіріп тастаймын. Рухани жарымжан адамсың”. 

 

Осы сөздерден кейін Салатанат Бишімбаевтың екі қоңырауына жауап бермеген. 15 шілде күні Салтанат кететіні туралы айтқан, ал Бишімбаев әлдеңені жіберетінін айтады.  

 

Салтанат: “Сен мен үшін көп нәрсе істедің. Саған барлығы үшін рахмет. Мен сенің адал болғаныңды білемін. Бұлай болғаны өкінішті. Бір-бірімізді бағалай алмадық”.  

 

Бишімбаев: «Мені де кешір. Екеуімізде бәрі жақсы болады. Өз арамыздағы сыйластық пен достықты жоғалтпайықшы”. 

 

Салтанат: “Екеуіміз кездескенде менде ештеңе болған жоқ”.  

 

Салтанат: “Үйде сондай жақсы. Ақыры тыныштық таптым. Мен жалғыз қалып, бір апта уақытта ұрыспай, қашпай, тұрақтылықты сезінгім келеді». 

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close