Жаңалықтар

Стамбұлда RAMS Qazaqstan қолдауымен Димаш Құдайбергеннің мерейтойлық концерті өтті

Концерт басталғанға бірнеше сағат қалғанда көрермен концерт өтетін орынға – Бешікташ ауданындағы «Тюпраш» стадионына жинала бастады.

Стадионның сыйымдылығы – шамамен 42 мың орын. Саудагерлер Димаштың аты жазылған жолақтар, оның суреті бейнеленген жейделер, фотосуреттер және басқа да сувенирлер сатқанын байқадық. Қазақстандық тыңдарман бірден көзге түсті – олардың кейбіреуі концертке елінің туын алып келген екен. Димаш Құдайберген өнерін көпшілік сүйіп тыңдайтын әндермен бастады. Әндер қазақ, ағылшын, түрік және қытай тілдерінде шырқалды. Кеш қонақтарының арасында қазақстандықтар мен жергілікті тұрғындар ғана емес, сонымен қатар Германия, Аргентина, Италия, Ұлыбритания және басқа елдерден келген тыңдарман болды.

Италиялық тыңдармандарының бірі Димаштың өнерін көру үшін арнайы Стамбұлға келгенін айтып берді. Қыз Димаштың қай тілде орындағанына қарамастан, барлық әнін бірге орындап шықты. Ерекше тосынсый ретінде Димашты 30 жасқа толуымен құттықтау болды – сахнаға оның ұстазы Марат Әйтімов және іс-шараның демеушісі әрі ұйымдастырушысы RAMS Qazaqstan құрылыс компаниясының негізін қалаушының қызы шықты. Қалың көрерменен бірге олар дәстүрлі Happy Birthday әнін шырқады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close