Жаңалықтар

Су тасқынан қатты зардап шеккен Құлсарыда әкімдік 1,8 млрд теңгеге балалар ойын алаңын салмақ

 

Мемлекеттік сатып алулар сайтындағы деректерге сүйенсек, Құлсары қаласы әкімдігі тендер жариялап, 2024 жылдың 26 сәуірі күні тараптар шарт жасасқан.

Шарт атауында тұрғын емес ғимараттарды немесе құрылыстарды салу бойынша қызмет көрсету екендігі жазылған. Алайда шарттың техникалық сипаттамасында құрылыс алаңы туралы толық ақпарат жоқ.

«Ойын алаңының негізгі мақсаты – балалардың демалысы мен ойын-сауық орны ретінде қызмет ету. Жарқын, қызықты балалар ойын алаңдары баланың бос уақытын әртараптандыруға және оны қызықты өткізуге тамаша мүмкіндік береді. Олар тек ойын-сауық емес, сонымен қатар дамытушылық, тіпті тәрбиелік мәнге ие», – делінген хабарламада.

Құлсары қаласы – су тасқынынан ең көп зардап шеккен өңірдің бірі. 

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close