Жаңалықтар

СУ ТАСҚЫНЫ. 109-ҒА ТЫНЫМ ЖОҚ

Петропавлда соңғы бір тәуліктің ішінде су тасқынына орай «iKomek» біріңғай байланыс орталығына 100-ден астам қоңырау түскен. Қала бойынша 12 үйге қарғын су жайылған.

Шұғыл шақыртуларға коммуналдық қызмет мамандары шығып, арнайы көлікпен су сорып жатыр. Сонымен қатар олар бітеліп қалған құбырларды тазартуда. Кеше облыс орталығында жаңбыр жауып, кейбір көшелер еріген қар суына толды. Әсем Айтулова, қала әкімінің баспасөз хатшысы: — Қазіргі таңда 100-ден астам адам жұмылдырылған қала бойынша. 60 арнайы техника мен 40 мотопомпа осы қала бойынша жұмыс істеп жатыр. Жұмыстардың бәрі тәулік бойы жүргізіледі. Қоңыраулар да тәулік бойы қабылданады.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close