Жаңалықтар

СУ ТАСҚЫНЫ БАСТАЛҒАЛЫ БЕРІ 88 МЫҢ АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Елде су тасқыны басталғалы бері 88 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген. Ал уақытша қоныстандыру пунктерін 7 мыңнан астам адам паналап отыр. Бұл туралы республикалық ақпараттық штабтың брифингінде айтылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда апаттық құтқару жұмыстарына республика бойынша 24 мың адам, 3 мың техника жұмылдырылған. 8 млн текше метр еріген қар су сорылды.

20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеуде. Ал жедел желілерге 1200 қоңырау түсіп, 84 адамға психологиялық көмек көрсетілген. Ерасыл Сайпаш ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері: — Еліміздің 8 өңірінде – Ақтөбе, Қостанай, БҚО, Ұлытау, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Атырау, СҚО облыстарында жергілікті ауқымдағы 28 төтенше жағдай жарияланған. ТЖ министрлігі төтенше жағдай кезінде азаматтарды аса мұқият болуға, тасқын кезінде қаіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауға, үйлерден және эвакуациялық пунктерден рұқсатқыз кетпеуді ескертеді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close