Жаңалықтар

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі 3,5 мыңнан астам оқушы аралық және қорытынды емтихан тапсырмайды

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың сөзінше, олардың қатарында Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім алушылары бар. Оқушылардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады.

Айта кетейік, биыл 3,8 млн оқушы кезекті оқу жылын аяқтайды. 9 және 11-сынып бітірушілер үшін қорытынды емтихан 29 мамыр-11 маусым аралығында өтеді.

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close